Алаштың ұлы- Айдын Айымбетов

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>



Тақырыбы " Алаштың ұлы - Айдын Айымбетов"
Мақсаты : Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Айдын Айымбетов жайлы кең мағлұмат бере отырып , оның азаматтық-патриоттық тұлғасымен оқушыларды таныстыру,шәкірттерді патриотизм үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ғарыш саласы, Қазақстан жайлы слайдтар ,суреттер.
Барысы:
1-жүргізуші Тоқтар, Талғат. . . Енді, міне, Айдын! Биылғы жаңа оқу жылы басталып жатқанда қазақтың тағы бір азаматы ғарыш көгіне көтерілді.
Ол- Айдын Айымбетов! Олай болса, ғарышкерімізге арналған салтанатты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Мемлекеттік Гимн орындалады
2-жүргізуші Айдын жер жаннаты Жетісудың Өтенай деп аталатын ауылында өмірге келген. Аспан әлеміне құмарлығы бала кезінен басталған. Ғарышкер болуды армандапты. Ақыры сол арманына қолы жетті.


Қуан , елім,қуана түс тағы да,
Бақыт қонды деген осы бағыңа
Қыркүйекте, сәрсенбінің сәтінде,
Үшінші ұлың ұшты ғарыш бағына.

Дәл оңыңнан туғандай ма ай-күнің,
Қуанышы бақытына сай бүгін.
Көкті тіліп заңғар көкке самғады.
Алаш ұлы Айымбетов Айдының!

Бұл шаттыққа жүрегім тұр елжіреп
Күтеді елім екі көзі мөлдіреп
Қасиетті қазағымның көк туын
Көк айдында, Айдан, сен де желбірет!

Вокалдық ән:"Алға, қазақ жігіттері" (Бекдәулет, Досымжан, Жасұлан)

1-оқушы: Бұл күнге де жетті ел, кемел халық
Жолына оның боз марқа бердім шалып.
Абыройдың көз жетпес мұнарына
Жеткізді ақыр Елбасым бедел салып

2-оқушы: Көпұлтты елім, қуаншы, қуан, қазақ,
Болмас еді қазақ боп туа алмасақ,
Әнұранды бірігіп шырқа, шалқыт,
Жараспайды қолға көк ту алмасақ

3- оқушы: Ғарышқа асық көрмеген жаттан құрғап.
Өз баласын

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: