й. Енді іске сәт, тәуекел деп, әлі есім барда, ұмытшақтық меңдемей тұрғанда балаларым көрмеген, тек сақталып қалған суреттерінен ғана ата - лары мен әжелерінің қандай кісілер екенін таныстырып жазып кетуді парыз көрген едім. Сол ойларымның үдесінен шықтым деп те ойлаймын. "Шындық шырағы" атты екі томдық кітабым оқырмандар қолында. Алаш арыстары туралы еңбегім де аяқталып қалды. Осылайша ұрпаққа ұлғатты өнеге тастауға кәрі басымды иіп, еңбек етіп жүрген жайым бар. Мұрағаттарда шаң басып жатқан құжаттар көтеріліп, кешеге дейін құпия болып келген деректер жарыққа шығуда. Бұл ретте айта кеткенді жөн көріп отырмыз, Алаш ардақтылары жайындағы тың деректерді алғаш жарыққа шығарған тұлғалардың бірі Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар Міржақыпқызы.
Гүлнәр жеңгей рухани қысымның бар түріне шыдас беріп, Алаш арыстары туралы аса құнды дерек көздерін қалың оқырман қауымға табыстап кетті. Бірнеше құнды кітаптар жазып, өшуге айналған тарихи санамыздың оралуына, ұлттық санамыздың оянуына аянбай еңбек етті.
Гүлнәр жеңгейдің ұлы мақсаты мен арманы Алаш арыстарының рухани мұрасын тарих қойнауынан қайтарып, халқына қызмет еттіру еді. Арманына жетті. Халқының жүрегінде сөзі қалды. Халқының аяулы қызы, ұлттық рухтың тәлімгер жаршысы Гүлнәр жеңгей өмірден өтсе де, рухы бізбен бірге мәңгі жасай бермек
1. 2. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мінбер кz
Гүлнәр Дулатова сайты /Gulnar. Dulatova/
Аңыз адам журналы 3
Шындық шырағы сайты, суреттер топтамасы
Дулатова Г. М. Шындық шырағы: Естелік-эссе: - Алматы: Мектеп, 2012. - 408 б. 19-20 бб. .
"Қазақ" газеті - Алматы: Қазақстан, 1993. - 168 бет. 38 б. .
Алаш. Алашорда. Энциклопедия / Құраст: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2009. - 544 бет.
Мам
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 > >>