анын ескерсек, мәртебенің биігі емес пе! Бүгінгі той иелері несімен мақтана алар екен деп ойлаймын кейде. . . Дастарқанның байлығы өтпелі де өшпелі нәрсе ғой.
1. 4 Гүлнәр апаның ең қуанышты күндері - сонау Сосновецтегі Корелиядан Міржақыптың бейіті табылып, оны 57 жыл өткен соң туған жері Торғайдағы Қызбелге жерлегенімізде, ол кісінің жанында болдым. "Міржақыптың оралуы" деректі фильмін түсірдім. Әлі есімде, Беламорканалдағы Міржақыптың бейітін қазып, елге әкелу үшін ашқанымызда қап-қара шашы сол күйінде жатыр екен. Елге әкеліп, сүйегіне кіріп, арулап, ақ киізге ораған кезде жағы бас сүйектен ажырады. Қазақтың сөзі бар ғой, "Жағың ажырамай, жамандық көрме" деген.
Осыдан 24 жыл бұрын Алаш арыстары ақталғаннан кейін қай - та түлеген Гүл - нәр апай бүкіл болмысымен солардың аманатына адал қызмет көр - сетті. Соңғы демі үзілгенше аяулы әке - лері хақында көзкөргендері жайлы естеліктер жазып, жас ұрпаққа мұраға қалдырды.
2013 жылдың 18 ақпанында 98 жасқа қараған шағында Алаш - тың аяулы ұлдарының соңғы ұрпақтарының бірі Гүлнәр Мір - жа - қып - қы - зы Дулатова апамыз өмірден өтті.
1. ҚОРТЫНДЫ БӨЛІМ
1. 1. Есейгенде де еңсемді езгілемеді ме! Жұрт қатарлы сүйікті әкемнің атын атап, еске алып, ашық айту деген шаттық сезім менің пешенеме жазылмапты. Сайрап кететін қызыл тіл күрмеулі, алдым қазылған ордай боп жаным түршігетін. Көңілде сақталған қорғасындай зілді ойлар, қамыққан күндерім мазамды кетіретін. Кейбір кездерде өз-өзімнен шошып, сабама түсе алмайтынмын. Бұл сұмдық Сталин заманынан қалыптасып қалған, миымызға әбден сіңген дерт іспетті қорқыныш болып осы мезгілге дейін сол құқайдан арыла алмай келеміз. Сөйтіп, кеңестік кезең тұсында мәңгүрт болуға аз-ақ қалдық қо
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>