Алаштың ардақтысы-Гүлнәр Дулатова

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

н Гүл - нәр апай бүкіл болмысымен солардың аманатына адал қызмет көр - сетті. Соңғы демі үзілгенше аяулы әке - лері хақында көзкөргендері жайлы естеліктер жазып, жас ұрпаққа мұраға қалдырды. 1915 жылы Орын - - бордан "Терме" жинағы жарық көрісімен іле-шала 4 қарашада Гүлнәрі дүние есігін ашып, Ғайнижамал екеуінің бақыттан басы айналып тұрған сәті еді. . . Ей, дүние, ата-аналық арсалаңдаған асыл бір ғажап шақ екен ғой. . . Ақыры не болды?! . . . Алдымен ату жазасын кесті, сосын он жылға абақтыға сүңгітті. Айдауда жүргенде ажал құшты. Әділдік қалмас ақтаусыз! Ақталды Міржақып! 1988 жылдың 4 қарашасында Республика Жоғарғы сотының коллегиясы қылмыс құрамы болмағандықтан М. Дулатовты біржола ақтап, шешім шығарды. Дәл Гүлнәр қызының туған күні ақталды әкесі! О, құдірет-ай! Алматыда сол күні құйып тұрып қар аралас жаңбыр жауды. "Халық жауы" қызының алпыс жыл бойғы қасіреті көз жасындай боп төгілді. Жаңбырмен жуылды.
1. 3 - Анашым-ай, асылым-ай! 45 жасында Ташкентте көз жұмды ғой. Перизат еді. Ақ - құба жүзді, күлімсіреген аялы көздері ұш - қын шашатын. Мейірімді еді. Әкеме қо - сы - ларда алдан қандай қиындық туарын сезе, біліп тұрып, мойнын қылыштың жүзіне төсеген ғой. Әнді қалай салатын сызылтып. Киім киісінен бүгінгі модельдерің шаң қабатындай, аса талғампаз, сәнқой болған. Сәбит Мұқанов айтады екен: "Комму - низмді көргілерің келсе, Дулатовтың үйіне барыңдар, Ғайнижамал жеңгейдің дастар - - қанын көріңдер" , деп. Мінезге бай, жаны сұлу бөлек жаратылыс еді, анашым! Сағынышыма орап қойып отырам мың мәрте! Ананы аңсауға қай жасың да кедергі емес екен, айналайындарым. Қонақтардың көптігінен Омбы түбіндегі Куломзино стансасынан екі қабат үй жалдап, тойлаған екен. Кімдер қатысты дейсің ғой? Арасында М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Қ. Кемеңгеров болғ

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: