Алаш тақырыбы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ДУЛАТ және АЛАШ

Алашорда
10. 12. 2012 16:45
Алаш идеясының арғы тегі өзінен бір ғасырға жуық уақыт бұрын Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т. б. сияқты "Зар заман" ақындарының қазақтың азаттығын аңсаған айшықты жырларында жатқандығы анық. Тек ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласының әр тұсында басталған поэзиядағы отаршылыққа наразылық идеясы мен Кенесары Қасымұлы бастаған ашық күрескерлік ХХ ғасырдың басында пісіп жетіліп, үлкен ұлттық мәдени-саяси қозғалысқа айналды. ХІХ ғасырда ескіше хат таныған ақындар тығырықтан шығар жол таппай күңіреніп, жалаң қылыш батырлар мұздай қаруланған жауға қарсы шапса, ХХ ғасырда еуропалық терең біліммен жарақтанған қазақ зиялылары азаттық идеясын өркениетті түрде жаңа сатыға көтерді. Олар білекпен емес, біліммен күресті.
Толығырақ. . . Пікірлер (242)
Алаш зиялылары және терминтану

Алашорда
10. 12. 2012 12:35
Қазақ терминологиясының қалыптасып, қанат жаюына ықпал жасаған шаралар өткен ғасырда айрықша алға жылжыды. Мәселен, қазақ қоғамындағы сауат ашу шаралары, газет-журналдар шығару, баспаханалар жұмысының жандана түсуі осы кезеңмен орайлас. Сол себепті де термин тануды, яғни, терминологиямыздың қалыптасу, даму тарихын сөз еткенде алаш зиялыларының мақсатты істері мен ұстанымдарына, бағыттарына мән беруіміз қажет.
Сол кезеңде өз ана тілімізде алашқы тырнақалды оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазып, топ басында тұрған зиялы қоғам өкілдері А. Байтұрсынұлы, М. Әуезов, С. Қожанұлы, Х. Досмұхамедұлы, Е. Омарұлы, Ж. Күдерин, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабайұлы, Ғ. Қараш, Н. Төреқұлұлы, Т. Шонанов сынды ұлт зиялылары бүгінгі терминдеріміздің қалыптасып, дамуына өзіндік үлестерін қосқан. Өз халқы мен еліне адал қызмет і

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: