Қалқаман - Мамыр поэмасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні:
Сынып: 8 "А"
Пән: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы "Қалқаман-Мамыр" поэмасы.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: поэманың мазмұны негізінде Қалқаман-Мамыр бейнесін ашу. Қалқаман, Көкенай әрекетіне екі түрлі баға беру
Ә) Тәрбиелік: оқушыларды поэмадағы кейіпкердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу
Б) Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ойын арқылы қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, пікір айту,
Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, шығармалар жинағы, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, оқу-құралдарын тексеру, өткен сабақта берген материалды сұрау
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Балалар, қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын атанған Шәкәрім өмірі, шығармашылығы туралы өткен сабағымызда толық танысқанбыз. Енді бүгін өздерің мазмұнымен танысып келіп отырған "Қалқаман-Мамыр" поэмасына толық талдау жұмыстарын жүргіземіз. Махаббаттың қос шынары - Қалқаман мен Мамыр болса, олардың ортасына тікен болып қадалушы батыр Көкенай образдарына екі жақты баға бере отырып, толық талдайтын боламыз.
Жыр желісі бойынша мынадай топтық, жұптық жұмыстар жүргіземіз. Сынып үш топқа бөлінеді.
Оқиғаның басталуы:Қалқаман мен Мамырдың алғашқы кездесуі
Оқиғаның байланысы: Қалқаман мен Мамырдың бірін-бірі ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы
Оқиғаның дамуы: Мамырдың айттырылуы
Оқиғаның шарықта

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: