Қалқаман - Мамыр поэмасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

у шегі: Екі жастың серттесіп қашуы, Мәмбетейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы
Оқиғаның шешімі: Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі
ІҮ: Сұрақ - жауап:
1. Қалқаман мен Мамыр бір-біріне қалай туыс?
2. Бастаңғы дегеніміз қандай салт?
3. Той жасаған орта жүз ханы кім еді?
4. Жылқыда жүрген Мамырға Қалқаман жұмбақ-мысал сияқты бір сөз айтады. Ол қандай сөз еді?
5. Көкенай дегеніміз кім? Жырда оны қалай суреттейді?
"Беласарға" екі оқушы шығады.
6. Қалқаманды атамыз деп шешім қабылдаған сәтте қандай жүйрікке мінгізді?
7. Өлімнен аман қалған Қалқаманға ауыл бозбалалары ат шаптыртып, той жасайық дегенде Қалқаман не дейді?
Ү. Пікір алысу.
Балалар, жыр бойынша біз көптеген жұмыстар жүргізіп, сәтті қадам жасадық. Енді кейіпкерлер тағдырына үңілейікші. Басты кейіпкерлер туралы өз пікірімізді ашық айтып, мынадай сұрақтар бойынша пікірталас ұйымдастырайық.
1. Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па?
2. Көкенай әрекетін қалай бағалайсыңдар? Жырда оны батыр деп суретейді. Оның батырлығы жырда көріне ме?
3. Қалқаманның ел ортасынан кеткені дұрыс па?
ҮІ. Қорытынды сөз.
Иә, балалар, әрқайсысың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын. Ол зама әйел затын қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан. Заман сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман мен Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген, адал махаббатқа жүгіндіре білген. Шәкәрімнің де мақсаты сол. Ол да заманның қатаң қағидасына қарсы, наразы.
Бүгінгі сабақтан алар тәліміміз:
Ата салтын аттауға болмас,
Жүрек қалауын тастауға да болмас.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: "Егер мен Қалқаман болсам. . . " шағын эссе.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау
Сабақ аяқталды.
Сау болыңы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: