Алақанмен бейнелеу

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бекітемін:. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Айы:. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Дефектолог: А. Сейдахметова

Тақырыбы: "Алақанмен бейнелеу"
Сабақтың мақсаты:
1. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
2. Алақанмен күнді,көгершінді,қызғалдақты бейнелеу;
3. Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,
сөздік қорын молайту.
4. Алақан арқылы салынатын суреттің түрлерімен таныстырып, салу жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Алақанмен сурет салу техникасын үйрету. Әр түрлі қисық сызықтар жүргізу, үйлестірулерде сурет салу іскерліктерін дамыту, эстетикалық талғамды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Көрнекі-құралдар: үлестірмелі құралдар, суреттер, ойыншықтар, тақта, бор, акварель бояуы, гуашь, т. б.
I апта
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы) Алақанмен айналаға
Шуақ нұрын шашайық
Сәттілік тілеп күлімдеп
Біз сабақты бастайық.
Жаңа тақырыпқа арналған бейненің жасалу тәсілі: бала гуашқа алақанын малады (толық алақанын) немесе қылқалам арқылы алақанын бояйды(5 жастан бастап), содан соң қағазға алақанын бастырады. Түрлі түске боялған оң және сол қолымен салады. Жұмыс аяқталғаннан соң сүрткіштермен алақанын сүртеді, сосын алақандары оңай жуылады.
Алақанмен көгершіннің бейнесін қағаздан қырқып алып альбом параққа жапсыру.

Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: