Алақанмен бейнелеу

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

/>Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну көзделеді, нәтижесінде балалардың тіл байлықтары дамиды.

IY апта
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық жаттығу. "Күн шуағы"
Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң "балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді". Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.
- Балалар, қандай сезімде болдыңыздар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет, бақытты, тамаша.


IY. Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып
Бой сергітіп алайық
V. Бекіту. Ойын ойнату арқылы тақырыпты бекіту.
"Күн мен жаңбыр" ойын. Шарты: балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да "терезеге" (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Мұғалім: "Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады", - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. "Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!" деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Мұғалім қайтадан: "Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер", - дейді, ойын қайта басталады.
VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. Балалар, сіздерге сабақ ұнады ма? Беріл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: