"Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле" Абай.
"Ал, қанеки, қыздар!" атты сайыс
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Көрнекілігі: қолөнер бұйымдары.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру, (слайд)
ІІ. Сайыстың барысы:
ІІІ. Сайыс қорытындысы.
Сайыс барысы:
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер - білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Гимназия мектеп дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, - деп "Ал, қанеки, қыздар" атты сайыс сабағымызды бастайық.
1) - Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа 6 сыныптың "Өнерлі қыздар", "Шебер қыздар" топтары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр.
2 топтың қыздарын ортаға шақырамыз.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.
1-шарт. "Сәлем - сөздің атасы" - деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>