(қолөнер)
7. Ұсақ моншақ қай елде алғаш пайда болған? (Египет)
8. Құрақтың қандай түрлерін білесің? (жұлдыз, ботагөз, тырна қатар, шаршы, шахмат)
9. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
10. Түксіз кілем (алаша)
"Бәйге" 4 - топ 6 б сыныбы
1. Картоптан жасалған ботқа (пюре)
2. Моншақпен тоқуда керекті құрал заттың бірі (сым)
3. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
4. Бағалы металл (алтын)
5. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)
6. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
7. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
8. Су моншақты ең көп шығаратын ел (Жапония)
9. Түрлі тігіс тігетін бұйым (машина)
10. Уақытша тігістің түрі (көктеу)
3-шарт. "Кім жылдам?"
а) "Ою ойғанның ойы ұшқыр" (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).
ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).
б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).
в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).
г) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)
д)
4-шарт. "Тіл өнері"
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық - дегендей жұмбақ шешіп көрейік. Жұмбақ шешуіне оқушылар мақал-мәтел құрастырады.
1-топ
1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам - тұссыз ас.
3. Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>