Адамгершілік – асыл қасиет

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тәрбиеші Ұзақбаева Н
Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке,кішіпейілділікке баулу арқылы өз халқының салт-дәстүріне үйрете отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарауға, ізетті болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Негізгі бөлім
Кіріспе әңгіме
«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.
Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )
ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?

2 )Слайд көрсетіледі. Суреттер бойынша әңгімелету.
-Балалар енді мына суретке назар аударайық. Жаңа аталған адамгершілік қасиеттерінің қайсысын көруге болады?
Адамгершіліктің қарапайым қағидалары:Қамқорлық, амандасу, тілін сыйлау, мейірімділік, дінін саттау, үлкенді құрметтеу, Отанын қорғау.
Бекзат: Үлкен адамға сәлем беру- кіші адамның міндеті. Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем ермей кетсе, ол - әдепсіздік, көргенсіздік.
Джамиля: Дұрыс тамақтану, мезгілінде ұйықтау, ата-ананы сыйлау- халықтық дәстүр, әдеп. біз осы адамгершіл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: