Адамгершілік – асыл қасиет

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

, ірлік, теңдік, бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рақмет те айта алады. Жөн сөз көңіліңді көтереді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.
7. Мақал – мәтелдерді жатқа айту.
- Балаларосы бүгінгі тақырыпқа байланысты кім қандай мақал мәтелдерді біледі? Соны тыңдап көрелік.
Оқушылар кезекпен кезек өздері жаттаған мақалдарды айтады.
8. Ырымдар мен тыйымдар.
Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.
Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.
Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.
Дастарқанды, тамақты баспа.
Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.
Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.
Қорытынды.
Сонымен балалар, әдептілік. , үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп сыйлау керек.
- Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
әдептілік
сыпайылық
ерлік
Адамгершілік
достық
мейірім
намыс




Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: