Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу - әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрседе ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
Адамгершілік туралы ойшылдар не дейді соған назар салыңдар/ слайд/
Шәкәрімнің "Адамдық борышың" өлеңін оқитын Ақбота
Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқитын Ұлпан
Ал енді осы жерде ортаға жиналып шаттық шеңберін құрайық
Шаттық шеңбері:
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Шеңбер - бұл әлемдеі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. "Жақсы немесе жаман қасиеттер" тренингі . -- Абай атамыздың "Сегіз батыр" деп басталатын жұмбағы еске түседі. Алла мықты жаратқан сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып әлі жатыр
Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып
Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр. Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі "жақсылық" болса, екіншісі "жамандық" екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Енді осы қалпымызда тұрып өзіміздің бір жағымды , бір жағымсыз қасиетімізді айтайық. Оқушылар барлығы айтып өтеді
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>