ұлы күш.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі - оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік - адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын "Құтты білік" дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін "деген екен.
Бүгінгі адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп-нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой- бөлісеміз.
Оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Енді осы жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір- бірімізді жылытайық. Бір - бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болуымыз керек.
Топқа бөлу. Біздің бүгінгі тәрбие сабағымыз адамгершілік тақырыбында болғандықтан біздің сабағымызға ата- аналар да қатысып отыр, сондықтан "Тұрғындар мен үйлер" деп аталатын әдіс арқылы топқа бөлінеміз.
Топқа бөлінгеннен кейін үш топтан бір оқушыдан шығарып алып сұрақтар қоя отырып әңгімелесу. Әңгімелесу сұрақтары мынандай болып құрылады.
-Егер сыныптасың сені үзілісте мазақтаса ол оның қандай мінезі.
-егер өтірікті көп айтатын балада қандай қадір болады
-егер сен бір адамға көмек көрсетсең ол қандай қасиетке жатады
-егер сен үлкен адаммен қатар есікке келсең сен не істейсің? Ал енді отыра қойыңдар, ал балалар сендер не айтасыңдар. Бұл туралы не ойлайсыңдар.
Адамгершілік бастауы неде?
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>