r/>
Кезеңдер:
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру
кезеңі:
3 мин
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Рефлексия "Мен сені бүгін көргеніме қуаныштымын, өйткені сен бүгін. . . . . . . . . . . . . . . . . . "
4. Топтастыру (түс таңдау)
5. Топ басшысын сайлау
6. Бағалау парағын тарату
1. Амандасады.
2. Жоқ оқушыларды атайды
3. Рефлексия "Мен сені бүгін көргеніме қуаныштымын, өйткені сен бүгін. . . сұлусың, әдемісің. . . . . . . . . . . "
4. Топтасады.
5. Топ басшысын сайлайды
6. Бағалау парағын топ басшысы толтырады
Үй тапсырмасын тексеру
Білу кезеңі
" Миға шабуыл"
5 мин
Жалпы сұрақ:
1. Адам генетикасы нені зерттейді?
2. Адам генетикасының негізгі міндеттері?
3. Адам генетикасын зерттеу әдістерін атаңдар.
4. Адам дене жасушасы қанша хромосомадан тұрады?
5. Хромосомалық ауруларды зерттеу үшін қандай әдісті қолданады?
6. Евгеника терминін 1869 жылы кім енгізді?
Жалпы сұрақтардың жауаптары:
1. Адамның тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігін, қалыпты белгілердің және түрлі аурулардың тұқым қуалау ерекшеліктерін, ол аурулардың қалыптасуындағы генетикалық формалар мен орта факторларының рөлін зерттейді.
2. Тұқым қуалайтын ауруларды дер кезінде анықтап, олардың алдын алу және болашақ ұрпақта болдырмау шараларын жүзеге асыру.
3. генеалогиялық, цитогенетикалық, егіздерді салыстыру, биохимиялық, модельдеу.
4. Адам дене жасушасы 46 хромосомадан тұрады.
5. Хромосомалық ауруларды зерттеу үшін цитогенетикалық әдісті қолданады.
6. Евгеника терминін 1869 жылы ағылшын ғалымы Ф. Гальтон енгізді.
Түсіну кезеңі
7 мин
Бейнеролик "Адам генетикасы"
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>