Адалдық пен әділдік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: 64 Мерзiмі:26. 02. 2016 ж. 23 Тақырып: "Адалдық пен әділдік"
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Адалдық, сенім, мейірім, адамгершілік, жақсылық жасауға ұмтылу ,ниет пен пейілдің тазалығы
Мұғалiм: Ж. Өтегенов Сынып: 5 А Оқушылар саны:15

Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы
адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру.
Міндеттері:
Адамгершіліктің, татулық пен достық ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
Пейіл мен ниеттерінің тазалығын,мейірімділік пен адалдық қасиеттерін, сүйіспеншілік қарым-қатынасты дамыту;
Ресурстар: (нақыл сөздер, бейнеролик, плакат)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. "Нұрға бөлену".
-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: "Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты!
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда! Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі! Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды!
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақт

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: