тобы.
Олар адал дос болу үшін басқа оқушыларға талап қояды.
Менің талабым-адал дос болғаның дұрыс.
Менің талабым-адал дос болуда шыдамдылық танытқаның жөн.
Менің талабым-досыңа берік болуға тырыс.
2. Ақыл тобы.
Олар адал дос болу үшін басқа оқушыларға ақылдарын айтады.
Менің ақылым-досыңа адал болсаң мақсатыңа жетерсің
Менің ақылым-досыңа жасаған жақсылығыңды міндет етпе
Менің ақылым-әрқашан да осыңа сыйлы бол
3. Ой тобы:
Олар адал дос болу үшін барлық оқушыларға өз ойларын айтады.
Менің ойым- нағыз адал дос болып қалыптасу.
Менің ойым-досыңның ісіне жауапкершілікпен қарау.
Менің ойым-өзімді,досымды сыйлау.
Әр топ өз тапсырмасын жоғары деңгейде орындады. Топтар бірін-бірі әділ бағалады.
Әр топ өз атына сай достарына талап қоя білуге,ақыл айта білуге және ойларын нақты айтуға үйренді.
8. Үй тапсырмасы:
1. "Досыммен өткен бір күнім" әңгіме жазу
2. "Достық" сөзіне сөзжұмбақ құрастыру
Не жетеді нағыз досқа, асылға
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады - сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң - ұйықтамайды ол дағы
В. Шекспир
9. Досыма тілек
Әр оқушы өз достарына тілек жазып,жүрекшеге ілді. Олардың көбі достарына бақыт тіледі.
10. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
"Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл - күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>