р тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: "Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады" деп ойлайды, "Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім да жоқ". Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: "Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар - қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды" дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағаның екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.
Әңгіме желісін мұғалімнің баяндауы өте әсерлі болды.
Мазмұнын жақсы түсінді.
Өмірде осындай достардың бар екендіктеріне көздерін жеткізе білді.
Екі достың бойындағы адалдық,шыншылдық,адамгершілік қасиеттердің мол екендігін түсінді.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Талап тобы:"Менің досым" эссе жазу
Ақыл тобы:Мақал-мәтелдер айту
Ой тобы:
Бағанадағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.
Қуаныш . Күлкі
Өзара сыйластық . Оқу
Еңбек . Өзара көмек
Шыншылдық . Сұлулық
Сүйіспеншілік . Түсіністік
Мейірімділік . Қамқорлық
Кешірімділік . Адалдық
Жауапкершілік . Әдептілік
Әр топ достыққа байланысты өз ұсыныстарын айтады
1. Талап
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>