Абылай хан-300 жыл

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

мыз.
Көрініс "Соңғы соғыс"
2- Жүргізуші:
Үш тәулік соғысып, қазақ жасақтары қалмақтарды күндіз-түні өкшелей қуып, біртіндеп жоя береді. Шөл мен сансыз шайқастардан қалжыраған қалмақтар қырылып, тірі қалғандары тұтқынға түсумен болды.
жүргізуші:
Ақтамберді жырау "Күлдір-күлдір кісінетіп"
жүргізуші:
Антроплог Оразақ Смағұлұлының зерттеуінше: Абылай орта бойлы, ашаң жүзді, бет сүйегі сопақша келген, сарғылт жүзді адам болған. Дене қимылы өте ширақ, өмір бойы ат үстінде жүргендіктен жамбас сүйектерінің құрылысы аз ғана деформацияға ұшыраған. Әсіресе, ерекше атап өтетін жайт, Абылай белгілі найзагер, қылыштасудың шебері болса керек, оның оң қолының бұлшық еттері жетілген, өте қарулы болған. Абылайдың он екі әйелі, отыз ұлы, қырық қызы болғанына қарағанда, оның денсаулығы зор болған деп болжауға болады. Тіпті, 45 жасында алған ауыр жарақаттан соғыс кезінде сол жақ санының ортан жілігі екіге бөлінген көрінеді. Сол сынық қайтып бітіп кеткен.
Оқушы: . . .
жүргізуші:
1781 жылы Тәшкен жорығынан қайтып келе жатқан жолда Абылай хан өзін жайсыз сезінеді. Әскер тоқтап аялдады. Хан осы жерде бекініс тұрғызуға бұйрық етті. Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жеріндегі бұл бекініс халық "Хан қорғаны" деп атап кетті. Осы жылдың мамыр айында ұлы хан дүние салды. Абылайдың сүйегін үш жүздің жақсылары Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне арулап қойды.
Жүргізуші:
Иә, Абылай аңызға айналған тұлға, бірақ біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек. Және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек.
жүргізуші:
Өзіңсіңайбарым да, айбатым да,
Санасқанорыс, қытай, ойратың да.
Ел берген жігер болды жігерің де,
Ел бергенқайратболдықайратың

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: