>Енді "Қара жорға" күйін тыңдайық.
Күй "Қара жорға"
Көрініс "Абылай жоңғар тұтқынында"
1- Жүргізуші:
Абылай 1743жылы қалмақтың тұтқынынан қайтып келген соң Әбілмәмбет хан Орта жүз билігін Абылайханға тапсырып, өзі Түркістан шаһарына қоныс аударған. Абылайдың азаматтығы сол, Әбілмәмбет өлген соң ғана 1771 жылы оның орнына хан сайланған.
Оқушы:
Алтын тәжін бақыттың киген ханым,
Елі-жұртын еңіреп сүйген ханым.
Алты Алаштың алауыз басын қосу
Еншісіне ең алғаш тиген ханым.
Өшкенотықайтаданлаулаған хан,
Жан-жүрегінжалпыныңжаулаған хан.
Мың оралған жерұйық құрағындай,
Ұрпақтары алшынып қаулаған хан.
Кеншінді елеп, кемді де қоштаған хан,
Келешекке кемеңгер бастаған хан.
Дара туған дарбозым, хан Абылай,
Қазағымда өзіңнен аспаған хан. . .
2-жүргізуші:
1779 жылы Абылай Ресей патшалығының өзіне арналған Орта жүз ханы деген лауазымының ата-белгілерін қабылдау үшін Орынборға келіп қайтуға жіберілген шақыртуынан бас тартты. Себебі, ол өзін Орта жүздің ғана емес, бүкіл қазақтың ханымын деп есептейтін.
Оқушы:
1-жүргізуші: 1771 жылы Еділ қалмақтарының шығыстағы атақонысы Жоңғарияға қазақ жері арқылы көшті. Цин империясы жоңғар хандығын талқандап, халқын қырып-жойғаннан кейін Еділ қалмақтары қаңырап, иесіз ата-бабаларының жеріне қайтуды ұйғарады. 11 мың отбасы өзеннен өте алмай Ресей шегінде қалуға мәжбүр болды. 31 мың отбасы, яғни шамамен 170-180 мың адам қазақ жері арқылы өтуге бел буды. Олардың 40 мың жауынгері болды. Қалмақтар бірнеше қазақ ауылдарын таптап өтіп. , Жем өзенінің жағасына Кіші жүздің ханы Нұралы әскерінен жеңіліс тауып, Мойынты өзені жағасына аялдады. Абылай хан бастаған қазақ әскері жауды қоршауға алады. Соғыстың алдындағы уақыттан көрініс ұсына
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>