Абылай хан-300 жыл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ің мектебін жетік меңгерген.
1- Жүргізуші:
Шарышты жеңіп атағы шыққан соң Абылайды Әбілмәмбет сұлтан Көкшетауға алып кетеді. Абылай сұлтан атанып, ел билеу ісіне араласады. 1734жылы Әбілмәмбет Орта жүздің ханы болып сайланады да, Абылай сұлтан Әбілмәмбетке көмекші болады.
2-Жүргізуші:
Жүзге, жікке, руға бөлмеген хан,
Екісөзгеегессекелмеген хан.
Иен даланың мәңгілік киесіндей,
Өзі өлседе, рухы өлмеген хан.
Абылай Әбілмәмбеттен батырлық жағынан ғана емес, шешендік пен көсемдік жағынан да алда тұрған. Сол себептен де Әбілмәмбет хан бірнеше рет билік тізгінін Абылайға ұсынған.
1-Жүргізуші:
Абылайдың сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, жау қашырған батыр екенін көпшілік білгенімен, оның дарынды күйші екенін біреу біліп, біреу білмейді. Абылайдың "Ақ толқын", "Алабайрақ", "Бұлан жігіт", "Дүние қалды", "Жетім торы", "қайран елім", "Қара жорға", "Майда жел", "Шаңды жорық" және т. б. күйлері бізге жеткен.
жүргізуші:
"Қара жорға "күйі белгілі бір тарихи оқиғалардан бастау алған. . . . Абылайдың Ұлытау баурайында саясатшылық құрып жүріп, түнгі ұйқыға жатқанда қалмақ қолына түсіп, қапы қалғаны, сөйтіп Қалдан серенге жеткізіліп, екі жылдай тұтқында ұсталғаны белгілі. Қалмақ ханы Абылайды өлтіре алмайдды. Кемеңгерлігі мен ерлігіне құты құлап, қазақ елін билеуде сенімді серігі етуді ойлап, сұлу қарындасы Хошаны Абылайға қосады, атсына су төгілмес қара жорға мінгізіп, үш жүздің әрқайсысынан отыз-отыздан келіп жатқан мәмілегер елшілерге қосып, еліне қайтарады. Ата жаудың тұтқынынан бір тал қылшық қисатпастан азат болғаны өз алдына, Хоша сұлуды алып, қара жорғаны тайпалтып, көңілі өскен хан "Қара жорға" күйін шығарған.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: