Тақырыбы:Үшжүздіңбасын біріктірген хан Абылайға 300 жыл.
Мақсаты: 1. Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында мәлімет бере отырып, оның қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайында және Ұлы ханға биылғы жылы 300 жыл толып отырған тілге тие кету.
2. Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра, оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге , ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбилеу.
Әдісі:Әдеби-тарихикеш
Барысы:
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші:
Халық үшін жаратқан Дана-Құдай,
Әруағыңнан айналдым,Хан Абылай.
Шемендеген зар заман шер-сағыныш
Домбырамның сыймайды шанағына-ай.
Жүргізуші:
Тауқыметін тағдырдың тарқан ханым,
Арқасына нар жүгін артқан ханым.
Иісі қазақ баласын соңына ертіп,
Жолбарыстай жаранып жортқан ханым.
Жүргізуші:
-Қайырлы күн құрметті қонақтар, оқушылар! Аты аңызға айналған тарихи тұлға Абылай ханға биыл 300 жыл толып отыр.
2- Жүргізуші:
"Үш жүздің басын біріктірген хан Абылайға 300 жыл " атты әдеби монтажға қош келдіңіздер!
1-Жүргізуші:
Абылай хан-қазақ халқының ұлы ханы, дарынды қолбасшы және шебер дипломаты. Ол 1711 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, Тәшкент маңында дүниеге келсе керек.
Ей,Абылай , Абылай!
Мен өзіңдікөргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің,
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің!
Жаныс Қарабайдың үйінде
Түнде туған ұл едің,
Ол қазақ халқының басына түскен ең ауыр қасірет "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" жылдарында жетім қалып, Төле бидің қолында тәрбиеленеді.
2-жүргізуші
20 жасында қалмақтың атақты батырынан қаймықпай, жекпе -- жекке шығып, жеңіске жеткеніне қарағанда, жауынгерлік өнерд
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>