ретте Президент мұражай үйі
2-суретте Франциядағы 12 ғасырда салынған әлемге әйгілі Лувр мұражайы
2- 3- суретте Ватикан мұражайы.
күрделі жөндеу - қалыпқа келтірілу, сыланып, сырлану, жаңарту;
көрініс-келбеті - түрі, қалпы; (оқушылар ауызша сөз мағыналарын ашуға көмектеседі)
дәліз - кіреберіс бөлме, алдыңғы бөлме
қазан аспа - қазан ілетін жер ошақ, киіз үйде ас дайындау үшін пайдаланылады.
асадал - ас сақтайтын жабық сөре, асүй жиһазы
мұрағат - мұражайдағы зат,жәдігер, құжаттар
бірқалыпты - бұ жерде:бірдей температура
ІІІ кезең. Мотивациялық-операциялық кезең.
Бірінші стансамыз - асүй.
Тыңдалым. Мәтінді тыңдаймыз Видеотаспадан тыңдау
(бейнемәтінді тыңдап, көре отыра, асүйді аралау 1,3 минуттай) Кітаптағы мәліметтермен салыстырамыз . Кітапта бұл жайлы не жазылған екен?
Бір бала оқиды(не кезекпен тізбектей оқу):
Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі- ақынның өмірі меншығармашылық жолынан мағлұмат беретін мәдени мекеме. Ол Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан.
1970 жылы күрделі жөндеуден өткізілді. Мұражайдың бес бөлмесі мен үш залына орналастырылған заттар ұлы ақынның жақын туыстарынан, достары мен замандастарынан алынған. Құрылымы, сыртқы пішіні Абай заманындағы көрініс-келбетін сақтаған. Ұзын дәліздің сол жағындағы бірінші есіктен ас үйге кіреді. Ол - терезесі шығысқа қараған кең бөлме, кіре берісте - қазанаспа. Оң жақ босағада адалас пен күміс, мыс жалатылып сүйектен жасалған кішкене кебеже. 1885 жылы Абай осы бұйымды Семейдің өлкетану мұражайына өз қолымен өткізген
1945 жылы ұлы ақынның туғанына 100 толу қарсаңында арнаулы мемлекеттік комиссияның шешімімен Жидебайдағы Абай қыстауы оның мұражай үйіне берілген.
Мына мәселелерге көңіл бөл: <
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>