Абайдың қара сөздері
Мақсаты: Балалардың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату:
Абайды ұрпаққа айтқан нақыл сөздерін бойына дарыту, қарасөздер арқылы сөздік қорларын молайту:
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
Ұлы ақын Абай атамыздың қарасөздеріне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Абай Құнанбаев 1845 жылы дүниеге келген. Абай ауылда мұсылманша хат таныған әжесі Зеренің тәрбиесінде болып, аңыз әңгімелер тыңдап өскен. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең - жырларды халық ішінен үйренеді. 
1 - оқушы: Абай жаққан бір сәуле сөнбесін деп,
Қоламтаны үрледім өрлесін деп,
Алайық үлгі - өнеге ұлы ақыннан. 
Екі топта тұрмыз ғой бір кемеде,
Шарықтасын ойымыз, лайлай берсін,- деп саған сәлемімді жолдай келдім. 
Алғырлар тобының ұраны: "Мал жұтайды, өнер жұтамайды". 
2 - оқушы: Сәлеміңді "Алғырлар" қабылдаймыз,
Біз бүгін хас тұлпардың бабындаймыз. 
Абай - дария, шөмішпен қалқып алдым,
Ашайын мен өзіңе сыр қоймасын,
Абайдай біртуарым қартаймасын. 
Мен де саған тілеймін жақсылықты,
Қазаны біліміңнің ортаймасын. 
1 - жүргізуші: Әжесі Зере мен анасы Ұлжан халқын, ел - жұртын сүйер мейірімділікке, үлкен жүректі ұлылыққа баулиды. Зере Абайға ел тарихын айтып, халқының тұрмыс - тіршілігімен таныстырып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретеді. 
Зере әженің тәрбиесінде болған ұлы ақынның балалық шағынан көрініс. 
- Кел Абайжан, қоңыр қозым, қымыз ал!
- Әже, бұлдыр - бұлдыр күн өткен, бұрыңғыда кім өткен?
- Е, балам, сенің арғы аталарың өз заманының беделдісі, ел басқарған, нағашыларың да сөзге шебер болған дана адамдар. Адам баласы ақиқатты іздейді, соған талпынады. Егер оның іс - әректі, ақыл - ойы неғұрлым ақиқатқа
		Страницы: 1 | 2 > >>
