ңгелері оған қандай ырымдар жасатады. ("Қол ұстатар", "Шаш сипар", "Етік тартар")
5. Құнанбай мен Бөжейді татуластыру үшін қазақтың қандай салты сөз болады. (бала асырап алу)
Жаңа сабақ.
(Мұғалімнің көмегімен оқушылар жаңа сабақты өздері талдап, дәлелдеп шығуға талпыныс жасайды. Мұғалім сабақ соңында қорытынды жасайды).
Мұғалім.
Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып,
о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасының барлығы-салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратынтәрбие мектебі.
(Слайд).
Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыс-салт дәстүрлері, әлеуметтік - мәдени салт-дәстүрлер болып үш үлкен топқа бөлінеді.
(Флипчарт)
Оқушылар интерактивті тақтада әрбір дәстүрді төменгі жақта көрсетілген тізімнен тауып, өз орындарына орналастыру керек. Барлығын орындағаннан кейін оқушылар оны өз дәптерлеріне жазып алады.
Бала тәрбиесіне Тұрмыс - салт Әлеуметтік -
байланысты:дәстүрлері: мәдени салт-дәстүр:
Шілдеханакиіз үй шешендік сөз өнер
Сүйіншікиіз үй жиһаздары үйлену
Балаға ат қоюұлттық киімдер үй болуға байланысты
салт -дәстүрлер
Бесікке салуұлттық тағамдарқонақ күту
Тұсау кесуегіншілікхалықтық ұлттық
аңшылықмерекелерді өткізу
Мұғалім:
Балалар, өздерің романнан осыған байланысты не байқадыңдар?
Оқушы жауабы:
Романда Абайдың үлкен адамдармен амандасу салты өте тамаша суреттелген. Сөзім дәлелді болу үшін мәтіннен оқып берейін: "Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың алдында жұмысы бар кісідей көлденеңдеп қолын төсіне басып, Бөжейге үлкен ықылас білді
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>