Абай жолы - тәрбие көзі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қ. Рысқұлбеков атындағы 33орта мектептің
қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сахаритова Айжан Сәрсенқызы

Қазақ әдебиеті 11- сынып
І. Сабақтың тақырыбы: "Абай жолы-тәрбие көзі".

ІІ. Сабақтың білімдік мақсаты:
"Абай жолы" роман-эпопеясын оқыта отырып, көркем мәтінді талдауға үйрету, өзіндік көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың танымдық - тәрбиелік мүмкіндігін дамыту, көркем мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

ІІІ. Сабақтың түрі: іздендіру сабағы.

ІV. Сабақтың әдіс-тәсілдері:
көркем мәтінмен жұмыс;
сұрақ-жауап;
проблемалық зерттеу әдісі;

V. Сабақ жабдықтары:
М. Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы, интерактивті тақта, презентация, флипчарттар, қосымша әдебиеттер.

VІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті оқушылар! Біз өткен сабақтардан "Абай жолы" романын
оқып, бітіріп келеміз.
Бүгінгі сабағымыз -сендердің шығармашылық ізденістеріңді танытатын сабақ. Қазақ даласына ұлылығымен танылған Абай бейнесін тағы бір қырынан көрейікші. Бүгінгі сабағымыз ұлы ақынның өз елінің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеп өткенін өнеге етуімізге арналады.
Оқушыларға тест тапсырмалары таратылады (5 минуттық) , тез толтырып, уақыт біткеннен кейін интерактивті тақтадан дұрыс жауаптарын өздері белгілеп өткізеді.
Тест тапсырмалары:
1. Абайды әншілік өнеріне тәнті еткен Арқаның саңлақ әншісі. (Біржан)
2. Романда Абай жақсы көрген қазақтың ата кәсібі. (аңшылық, саятшылық)
3. Романда Абай Ділдәға алғаш барғанда ұйымдастырылған ұлттық ойындар. (Қынаменде, көкпар, теңге алу, балуан күрестіру)
4. Абай Ділдәға ең бірінші барғанда же

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: