Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Абай және Шығыс әдебиетідегі дидактикалық шығармалар
--
Сабақтың мақсаты:
--
Білімділік:Оқушылар Абай шығармаларындағы өсиет сөздерді меңгерту;
--
Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
--
Тәрбиелік:
--
Көрнекілігі: қанатты сөздер, слайдтар.
--
Сабақтың түрі: лекция сабақ
--
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу,сөз өнері
--
I. Сабақтың барысы:
--
Ұйымдастыру кезеңі.
--
1. Оқушылармен амандасу
--
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
--
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Шолу лекциясы
Тақырыбы: Абай және Шығыс әдебитідегі дидактикалық шығармалар
Абайтану саласының қиын да күрделі бір арнасы ол -- сөз жоқ, Абай шығармаларындағы Шығыстық кайнар көздер. Абай мұрасының Шығыска қатысы жайлы баспасөзде алғаш жарияланған пікірлер Кәкітай Ысқақов пен "Уақыт" газетіндегі (1908, 388) мақала еді. Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеу үлкен әзірлікті қажет ететін күрделі мәселе. Бұл ең әуелі, жалпы мұсылман Шығысы мәдениетін, философия тарихы мен классикалық мұраны тұпнұсқадан оқу деген сөз. Осы тұрғыда Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерген Мұхтар Әуезовтің әр уақыт оралып соғып, жаңа таным, соны пікірі ұсынып, мәселені тереңнен зерделеп отырғаны белгілі. Абайдың Шығысына байланысты М. Әуезов пікірлері үздіксіз, жанды ізденіспен толығып, байып, дамып отырды. М. Әуезов Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жөнінде алғашқы пікірін өте ертеде жазылған Абай өмірбаяны жайлы еңбегінде білдіреді. Абай мұрасының шығыстық белгілері жайлы абайтану саласында М. Әуезов ең алғаш
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>