Құралдармен өңдейді, сондай-ақ бұрғы мен үскіні де пайдаланған. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал – қол ара. Ара қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады, оларды төсем деп атайды. Төсем өте қатты, тегіс және иілгіш болуы шарт. Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса, төсемнің тістері тез сынады. Араның тістері екі түрлі қызымет атқарады: біріншіден , ол ағаштың талшығын кеседі, екіншіден, кесілгенде пайда болған ағаштың ұнтағын сыртқа ысырып, шығарып отырады.
Ағашты сүргілеу.
Ағаш бұйымдардың беті тегіс болу үшін, оны сүргілейді, ол арқылы ағаштың қажет пішіні мен өлшемі алынады. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен оның жұқа қабаты алынып тасталады. Оны жоңқа деп атаймыз. Сүргілеу аспаптарының да түрлері көп. Олардың ең көптараған түрлері – сүргі,шерхебель және фуганок. Шерхебель пышағының жүзі доға тәріздес, дөңес келсе, фуганоктың пышақ жүзі түзу сызық сияқты болады.
IV. Сарамандық жұмыс.
1. Жұмыс орнын даярлау. 2. Құрал-жабдықтар ара, сүргі, сызғыш, карандаш, бұрыштама, сүргілейтін тақтай. 3. Ағашты сүргілегенде, ол жұмыс үстөлінің үстіне тегіс жатуы тиіс. 4. Сүргілеу барысында өз денеңді, аспапты дұрыс ұстауды үйрен.
Оң аяғыңды сол аяқтан сәл алшақтатып (арасы 65- 70 см), трек етіп ал. Сүргіленген бұйымның сапасын сызғышпен немесе арнайы бұрыштамамен тексереді. Егер бұйымның беті тегіс болса, оның барлық қабырғалары бір жазықтықта жатады.
V. Сабақты қортындылау.
1. Әр оқушы өздері жасаған жұмысына талдау жасайды.
2. Жұмыс барысында өзіне қандай жаңа әдіс-тәсіл меңгергенін, қандай құрал-сайман пайдаланғанын айту, өздері істеген жұмысын қорғау.
3. Істеген жұмысына қарай бағалау.
VI. Үйге тапсырма. Құралдардың аттарын жаттау.
VII. Жұмыс орнын тазалау.
Страницы: << < 1 | 2