ып, тұру. 2-3 рет қайталау. (бүршіктерді еденге қояйық).
4. Б. қ: Қолда бүршікті ұстап тұру. Орындау: Орында секіру. (Тиін қуанады) 2 рет 15-20 сек үзілістен соң.
Тәрбиеші балаларға бүршіктерді себетке жинауды ұсынады.
-Балалар, көрдіңдер ме көжек анасын табуға көмектесіп жүргендеріңе қуанып тұр. Бізге ары қарай жүру керек. Алдымызда "ор". Одан қалай өтеміз?
Негізгі қимылдар:
1. "Ордан секіріп өт". Жіптен секіру.
2. Діңгектерден өтеміз. Текшелерді айналып, жыланша жүгіру.
3. Допты қағып ал.
Сөздік жұмыс: ор, діңгек.
Қостілділік компонент: қоян-заяц, көжек-зайченок.
-Не деген әдемі томарша! Оның үстінде не тұр?
-Қанеки сылдырмақтарды алып, сылдырлатайық, қоян-ана бізді естіп келетін шығар.
-Мінеки бізді естіп, қоян да келді. Қоян қуанып, көжеке екеуі балаларға алғыс білдіреді.
Тәрбиеші балаларға қоянмен ойнауды ұсынады.
Қимылды ойын: Ақ қоян
Ойын шарты:Балалар дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.
-Қояным,қояным ұйқыңнан тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Мәсіңді киші,
Көйлегіңді киші,
Енді бізді қушы-деп балалар қаша жөнеледі. Қоян балаларды ұстау керек.
Қоян мен көжек балаларға алғыс білдіріп қоштасады.
Тәрбиеші балаларға топқа қайтуды ұсынады.
Балалар тәрбиешімен бірге жаттығуды орындайды.
1. Аяқтарын дене бойы қойып, қолдарын төмен қояды.
Қолдарын жоғары көтеріп, созылады. Басқы қалыпқа келеді. 2-3 рет қайталайды.
2. Аяқтарын дене бойы қойып, қолдарын шынтаққа бүгіп тұрады. Алға еңкейіп, бүршікті жинайды.
3. Аяқты бірге қойып, түзу тұрады. Отырып, тұрады. 2-3 рет қайталау.
4. Қолдарына бүршікті ұстап тұрады. Орын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>