A есебі. Өзгеріс не үшін керек?

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

A есебі
Өзгеріс не үшін керек?
Заманауи әлемдегі болып жатқан өзгерістерді жаһандандыру арқылы, яғни білім арқылы білуге болады. Себебі, бүгінгі күні ақпарат алу үшін интернет пен ақпараттық технология көздері кеңінен таралған. Білімділік сайтпен порталдар көбейіп келеді. Дамыған спутниктік қатынас арқылы әлемнің кез келген жеріне интернет арқылы кіруге болады. "Қашықтық оқыту", "Телемост" сияқты түсініктер әр түрлі ұйымдар арасында білімдік телекөпір, телеарналар құруға әкеліп отыр.
Бірегей ақпараттық кеңістікті құру нәтижесінде мектептің де рөлі өзгеріп отыр. Барлық қызмет көрсету саласына еніп отырған технологизация, автомотизация, политалогизация мектеп практикасының өзгеруін ғана талап етіп отырған жоқ, сонымен қатар барлық білім жүйесінің өзгеруін талап етіп отыр.
Қазіргі кезде білім сапасын арттыру мен білім реформасы туралы мәселе барлық саясаткерлерді, мектепті, мұғалімдерді толғандырып отыр.
Болып жатқан өзгерістер - бұл бүтіндей жүйе, оқу үрдісін қалыптастырудың өзара байланысы: мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар.
Әлем тәжірибесі мектептердегі білім беру жүйесін өзгерту және мектеп жүйесін өзгерту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолдану қажет деп есептейді. Бұл жаңа педтехнологияларды енгізу және мектеп мұғалімдерін оқытудың жаңа әдістерін жандандыру, педагогикалық біліктілігін арттыруда әртүрлі курстардан өткізу.
Иә, мұғалім рөлі түбегейлі өзгеріп отыр - ол қазіргі заман талабына сай ақпараттық ағынның координаторы болуы керек. Сондықтан мұғалім заманауи әдістерімен жаңа білімдік технологияларды білуі керек, АКТ қолдануды және соның терминологиясын білуі керек. Заманауи қоғам қазіргі мұғалімдерге үлкен талап қоюда. Олар өз істерінің шеберлері, құзырлы, шығармашыл, рухани байлығы мо

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: