ерге кіріп кете жаздады. Қанатын жалп еткізіп, бұта түсіндегі шөп арасына қойып кетті.
Сәл тынышталған соң, тағы да сызылта сайрады:
Қараторғай: -- Жарық дүние неліктен жақсы?
Автор: -- Топырақ арасынан жорғалап шығып келе жатқан жауын құрты бұл сұрақты естіп қалған екен, шіңкілдеген дауыспен жауап берді.
Жауын құрты: -- Бәріміз де жақсы іс істейміз ғой. Сондықтан дүние жақсы.
Қараторғай: -- Ойпыр - ай, сенің қолыңнан не келеді, түрің мынау?
Жауын құрты: -- Топырақты қопсытамын, сонда өсімдіктер жақсы өседі. Бұдан
артық жақсы іс бола ма?
-- Өзің не істей аласың?
Автор: -- Осы арада қараторғай ашуланды, тіпті құртты шоқып жеп қойғысы келді. Алайда үлгермеді. Құрт топырақ арасына кіріп кетті.
Балапан қараторғай қайың ағашына келіп қонды да:
Қараторғай: -- Құдай - ау, ұятқа қалмау үшін не істеуге болады өзі?
Автор: -- Ия, айналада бұрынғыдай бәрі жақсы, тамаша, журекті қуанышқа бөлейді.
Кенет ол өмірі айтып көрмеген бір әдемі сазды әуенге салып, әндете сайрай жөнелді.
Қараторғай: "Қайырлы таң!" әнін орындайды.
Автор: -- Бақ ішіндегілердің бәрі ұйып, сүйсіне тыңдады.
Барлығы: -- Қандай тамаша!
-- Керемет ән!
-- Жарайсың!
"Ән - көңілге қуаныш,
Шерліге жұбаныш" -- дейді.
Қарторғай табиғаттың әсем де керемет, ғажап көрінісін осы бір шумақ әнмен жеткізді.
-- Балалар, сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма?
-- Қай тұстары ұнады?
(балалардың жауабы)
-- Табиғат өмір үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғаттан таралыпты, -- олай болса, осы бір дүниенің ғажайып кереметін аялайық, қорғап, сүйіп, жүрегімізді қуанышқа бөлейік.
Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
1. Жаманмен салысып, . . . . . болмайсың. (жақсы)
2. Жаманға оқ өтсе де - . . . . . өтпейді. (
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>