А. Байтұрсынов. Оқуға шақыру

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

br/>Қараторғай: -- Жарық дүние неге соншама жақсы екен?
Автор: -- Кенет жауын сіркіреп, жапырақтарды тырсылдата бастайды.
Жауын: -- Жақсы болатын себебі, біз бәріміз әйтеуір бір қолымыздан келген қайырымдылық жасаймыз.
Қараторғай: -- Жауын, сен қандай қайырымдылық жасайсың?
Жауын: -- Мен дүниедегінің бәрін тазалап, жуамын және таза сумен сусындатамын.
"Жаңбыр" әні орындалады.
-- Сен өзің не істейсің?
Автор: -- Балапан қараторғай тағы да ұялды. Ол пыр етіп ұшты да, басқа бұтаққа барып қонды. Осы кезде желкесінде қызыл телпегі бар үлкен шұбар құс келіп, ағаштың діңіне қонды. Жайғасып алған соң, ол ағаш қабығын "түк, түк, түк" еткізіп, тұмсығымен шоқып, тесе бастады.
Қараторғай тұмсығымен қауырсындарын тарап қойды да, сұрағын қайталады.
Қараторғай: -- Жарық дүние неге жақсы?
Шұбар құс: -- Бәрімізде бір жақсылық жасаймыз. Сондықтан ол жақсы болады да.
Қараторғай: -- Сен өзің кімсің? Қандай жақсылық жасайсың?
Шұбар құс: -- Менің атым - Тоқылдақ. Зиянды құрттар мен қоңыздарды жеп, ағаштарды қорғаймын. Сондықтан мені "Орман санитары" дейді. Өзің не істейсің?
Автор: -- Қараторғай не дерін білмей, пыр етіп ұшып, бір түп раушан гүлінің арасына қонып жасырынды. Ақ гүлдей жайқалған раушанның хош иісі аңқып тұр еді. Қандай тамаша! Қараторғай қалай шыдасын, тағы да шиқылдады:
Қараторғай: -- Бұл дүние неге соншама жақсы?
Ара: -- Оның жақсы болатын жөні бар. Біз бәріміз де жақсы істер жасаймыз.
Қараторғай: -- Міне, керемет! Құрттақандай болып сен де бірдеңе істей аласың ба?
Ара: -- Енді ше, енді қалай?!
Мен бал жинаймын. Бір гүлден екіншісіне алтын тозаңдар тасимын.
"Мен арамын" әнін орындайды.
-- Ал, өзің ше, не істейсің?
Автор: -- Қараторғай ұяттан ж

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: