7 саны және цифры

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры
Лексикалық тақырып: Мамандық
Мақсаты:
Білімділік: 7 саны және цифрымен таныстыру. Оның жазылу реті мен құрамын анықтауға үйрету. Сандық қатардан 7 санын тауып, оның көршілерін атауға үйрету.
Түзете-дамытушылық: 7 санын жаздыру арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту. Тура және кері санау арқылы сөйлеу тілін қалыптастыру. Карточкалармен жұмыс жасату арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: 7 санының қасиеті туралы түсінік бере отырып, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кемпірқосақтың жеті түсін анықтау арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. 7 санын жазу кезінде ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд, тапсырмалары бар карточкалар, сандық қатар, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық! Сәлеметсіз бе!!!
oo Бүгін ақпанның 18-і, бейсенбі.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, достым
Қайырлы күн болсын.
Бейсенбінің сәті -
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
Үй тапсырмасын тексеру. Апта күндерін сұрау.

- Бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін біз "Мақта қыз бен мысық" ертегісін есімізге түсірейік.
II. Жаңа сабақ
- Қане, балалар, 6 санының көршісін кім атап береді?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, 5 және 7 сандары. Ендеше, біз бүгін 6 санының көршісі 7 санымен танысамыз.
7 санымен танысу үшін "Мақта қыз бен мысық" ертегісі бойынша 7 өткелден өтеміз. Мысықтың қатығын табуға көмектесеміз. Мысықпен бірге тапсырманы орындайық.
1 - сиырдың тапсырмасы: (сиыр бағатын адам - Бақташы)
10-ға дейін тура және кері са

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: