6 санын қосу және азайту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені

Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның
ІІ (негізгі) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі
Бабаханова Гульден
Математика 1 "б" сынып
Тақырыбы: 6 санын қосу және азайту.
Мақсаты: А) Оқушыларды 6 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру
Ә) Оқушылардың ойлау, есте сақтау, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Б) Топта ынтымақтастықта жұмыс істеуге, тәртіпті, білімді болуға, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбектене білуге және де әдемі,
қатесіз жазуға үйрету.

Р/с
Атқарылатын жұмыстар,
әдіс-тәсілдер
Ресурстар
Бағалау
Оқушылардың іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
1
Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.


Бір,екі,үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз. /хормен айтады/
oo - Балалар,бүгін бізде математикадан ашық сабақ. Бұл сабағымызда математикадан бүгінгі күнге дейін не үйреніп,не білгенімізді ортаға салуымыз керек.
Сабағымызды бастамас бұрын мен сендердің математика сабағын қаншалықты жақсы білетіндеріңді байқайын. Ол үшін барлығымыз бірігіп "Кім көп сөз айта алады?" ойынын ойнайық. Ойынның шарты бойынша тақтаға жазылған математика сөзіндегі әріптерден бірнеше жаңа сөздер ойлап табайық.
2
Топқа бөлу

Қима қағаздар, конверт

Конверттегі қима қағаздардан алып, берілген өрнектің мәнін табау арқылы 4 топқа бөлініп отырады.
oo Мәндері 9-ға тең "Білімпаздар"
oo 10-ға тең "Ойшылдар"
oo 8-ге тең "Зеректер"
oo 6-ға тең "Тапқырлар" топтары деп сыныпты 4 топқа бөліп отырғызамын.
3
Өткен материалдар бойынша жұмыс. "Өрмекшінің торы" стратегиясы
л

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: