насы көміліп қалған. Суық жел желтоқсан аязы оны жібермей алып қалған.
Біз шананы қардан шығару үшін аяздың жіберген бірнеше математиканың тапсырмаларын орындап, математика ханшайымына көмек береміз.
Аяздың 1 - тапсырмасы.
Әр суреттегі алтыдан берілген затты бояу, қоршап сызу.
Аяздың 2 - тапсырмасы.
Үйшіктегі есептерді дөңгелектердің көмегімен есеп шығару.
Аяздың 3 - тапсырмасы.
Жеміс - жидек, көкөністерді қосып есеп шығару.
Аяздың 4 - тапсырмасы.
6 санын жазу.
/Сергіту сәтін орындау/
Аяздың 5 - тапсырмасы.
Логикалық есептер орындау.
Табақта бес алма,
Қолымда бір алма,
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма?/6/
Далада тұр 4 ешкі,
Қорада тұр 2 ешкі,
Барлығын қосқанда,
Болады неше ешкі?/6/
Жаңа ғана шалғында,
6 бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма?
Жатып қалды біреуі,
Нешеуі жүр енді жайылып?/5/
6 - 1 5
Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?/2/
Үш қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяғы нешеу, басы нешеу?
Жауабын кім табады?/аяғы 6, басы 3/
Қорытынды: /сұрақтар/
Неше санымен таныстық?
Нешінші нешеге қосқанда 6 шығады?
Сабақтың қай бөлігі ұнады?
Балаларды мадақтау.
Қол ұтассақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!
Страницы: << < 1 | 2