Тақырыбы: 6 саны мен цифры.
Мақсаты:Балаларды 6 саны мен цифрымен таныстыру. 6 санының құрамын ойындар арқылы түсіндіру. Ойлау, есте сақтау, көру, есту қабілеттерін дамыту.
Шаттық шеңбері.
Міне, біздің де кездесуіміздің тамаша сәті келді. Біздің шаттық шеңберімізге қараңдаршы!
Қандай керемет! Оның сиқыры бар.
Егер күлкі бейнеленсе, бір - бірімізге күлімдей қараймыз.
Алақан бейнеленсе, қолымызды алысып амандасамыз.
Жүрек бейнеленсе, бір - бірімізге жылы сөздер айтамыз.
Күн болса, күндей жарқыраймыз. /"Сәлем - сөздің анасы"/ сөзі тақтаға ілінеді.
Жыл мезгілдерін атау.
Балалар жыл мезгілін табу үшін сендерге 1 жұмбақ жасырамын.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай кезде болады? /Қыс/
Қыс мезгілі туралы түсіндіру.
Қыс айларын атау.
/Тақтадан қыс мезгілінің суреттерін көрсету/.
Өткен сабақты қайталау. 0 саны мен цифры.
Балалар біз бүгінгі тақырыбымызды өтпес бұрын бір жұмбақ жасырамын.
Дүкеннен бір сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Қанша болды қолда бәрі?/6/
Бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз математика. Жаңа тақырыбымыз 6 саны мен цифры.
Себетте үш алма бар еді, анам үш алма әкеліп қосты.
Себетте барлығы неше алма болды?/6 алма/
3 алмаға 3 алманы қостық. Барлығы 6 алма болды.
Санау: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6.
Кері санау: 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
6 санын тақтаға жазу.
Балаларға ауада жаздыру.
Балалар бізге бүгін қонаққа Математика ханшайымы келген екен. Ол сендерге сыйлық алып келе жатыр екен, бірақ оның сыйлығын қазір қыс мезгілі болғандықтан аяз келіп, оның сыйлықтар салынған шанасын ұшырып әкеткен. Ша
Страницы: 1 | 2 > >>