Екібастұз қаласы білім бөлімінің 7 "Ботақан" бөбектер бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Тәрбиеші Қымызкенова Оруншай Бектемирқызы
Білім беру саласы: "Таным"
Тақырыбы: 3 цифрымен таныстыру. Цифрды заттың санымен салыстыру. "Кеше", "бүгін", "ертең". Жыл мезгілдері (күз).
Бөлімі: ҚМТҚ
Мақсаты: 3 цифрын 3 санының таңбасы ретінде таныстыру; 3 санын өзге цифрлардың арасынан табу; "кеше", "бүгін", "ертең", ұғымдарын айыруға үйрету; балалардың жыл мезгілдері (күз) туралы білімін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Үлестірмелі материалдар: 2 бос жолағы бар карточка мен үшбұрыштары бар 2 түсті тәрелкелер, балалардың әрқайсысына әр түстен 4 үшбұрыштан.
Оқу іс-әрекетінің кезендері
Педегогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Педагог балаларға бос жолақтарға үшбұрыш салу қажеттігін түсіндіреді. Педагог қанша десе, сонша үшбұрыш салынуы тиіс және олар қай жерде неше үшбұрыш барын айтып беруі керек. Балаларға берілетін тапсырма: жоғары жолаққа 1 қызыл үшбұрыш, ал төменгісіне 2 көк үшбұрыш салады.
Балалардан сұрайды:
- Сендер жоғарғы (төменгі) жолаққа неше үшбұрыш салдыңдар?
Содан соң 2-3 баланың қасына келіп, олар салған үшбұрыштарды санайды. Қайсы үшбұрыш артық (кем) екенін анықтайды: 1 немесе 2. Педагог балалардан әр жолақтағы үшбұрыш санын теңестіруді (яғни, 2-ден болуын) өтінеді.
Балалар үшбұрыштары бар жолақтармен жұмыс істейді.
Балалар жауап береді.
Балалар үшбұрыштар тең болуы үшін не істеу керектігін табавды: теңдей (2-ден болуы үшін) болуы үші
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>