Математика. 0 б сынып.
Сабақтың тақырыбы:1-ден 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
Сабақтың мақсаты:
1. Екінші ондық сандарының оқылуымен және жазылуымен таныстыру.
2. 20 көлеміндегі реттік және есептік санауды бекіту.
3. Тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд, сандар ,үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері.
"Досым күлімдеші" тренингі. Оқушылар шеңбер жасап,қол ұстасып,бір-біріне күлімдейді.
"Мен қандаймын?" тренингі. Әр оқушы өзі жайлы жақсы сөз айтады.
Оқушылар орындарына отырады.
1. Балаларға 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарын жетілдіруге арналған тапсырмалар беремін.
1. 0-ден 20-ға дейін тура санау.
2. 20-дан 0-ге дейін кері санау.
3. 1-ден 20-ға дейін бір саннан аттай отырып тура санау.
4. 1-ден 20-ге дейін бір саннан аттай отырып кері санау.
5. Келесі сандарды атау. . . . . . . . . . . .
6. Алдыңғы санды атау. . . . . . . . . . . . .
7. Сандардың көршілерін атау. . . . . . . .
2. Әліппе дәптермен жұмыс:
1 тапсырма.
Тапсырманы материалдары негізінде жүргізіледі. Алдымен балалар санайды,содан кейін сандар қатарына ретімен қойып сызып қосу.
Берілген сандардың алдына қандай сандар тұрады ?
соны тауып жапсырманы жапсыру.
Ал мына сандардан кейін қандай сандар тұрады?
жапсырма арқылы жапсыру
Сергіту сәті: Біз мектепке барамыз,
Қолға қалам аламыз
Кітап да оқимыз,
Суретті де саламыз. (Қимылмен көрсету. )
3. Тақтада жұмыс.
1. Көршісін табу.
7 9 12 5 2 18
2. Яғни дөңгелектің ішіне "қосу" немесе "азайту" таңбасын қою керек.
1 1 2 5 5 10
3 2 1 7 1 6
7 3 4 4 1 5
4. Ауызша есептер:<
Страницы: 1 | 2 > >>