Сарқан ауданы
Бақалы ауылы Ағарту БМ мектеп писхологі:
Нуржанова Индира Беимбетовна
" Мен және менің отбасым " жаттығуы
Мақсаты : Отбасы тәрбиесіндегі ата - ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру . Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктің жоғары екенін , балалармен қарым - қатынасы жақсарту . Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу .
Сәлеметсіздер ме , құрметті ата - аналар! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз . Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы "Мен және менің отбасым " деп аталады .
Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді , бақыт әкеледі . отбасы адам өмірінің тамаша жақтары, жүзеге асатын , ең басты шаттығы болып саналатын , баланың өсіп , өмір сүретін орны екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды . Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы болып саналады . Қазіргі таңда ата - ананың бір мақсаты - қаражат табу , балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды . Бала - шағаның қамымен жүрген ата - ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады , қалыптасады "Балапан ұяда не көрсе , ұшқанда соны іледі" демекші жақсы - жаман әдеттерді бала отбасынан үйренеді . Отбасындағы кикілжін , ұрыстар баланың психикасына әсер етеді . Баланың мейірімді , еңбекқор , әдепті болып өсуі - отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы . Баламыз өмірден өз орнын тауып , бақытты өмір сүрсін десек , бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық .
1- Жаттығу "Кішкентай адам "
Қуыршақ терапиясы элементтерінің бірі "Кішкентай адам " жаттығуын пайдаланып ата - аналарды өздерін және балалармен таныстыру. Әр ата - ана сулықтан өз қуыршағын , өз бейнесін жасайды ,қай жерде
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>