Free pascal - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 214
  • Скачиваний: 13

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»

Н. Ә. Назарбаев)

Білім берудегі жаңа технологиялар.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген, соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу ,деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы,барлық жаңалықтар мен қайта құру, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттілігі туындайды. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру мұғалімдердің инновациялық іс- әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Қазіргі таңда инновациялық технологияның көптеген түрлері бар.Атап айтсақ,модульдік технология,сын тұрғысынан ойлау,тірек-сызба технологиясы,дамыта оқыту,проблемалық оқыту,деңгейлеп саралап оқыту технологиясы және ойын технологиясы,ақпаратты технологиясы.т.б.

Білім беру жекелеген құбылыс немесе дағды емес,ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған.жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып,жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.

Информатика – XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Бұл пәнді оқыту мұғалімнен зор міндеттерді талап етеді, өйткені ол бүкіл сыныптың қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептердің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс диалогтік әдіс нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір – бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша сабақтарды өткізген кезде қолданылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, инерактивті тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дұрыс дайындау керек.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу – тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютермен сабақ өткізу мұғалім мен оқушы қарым – қатынасы жүйесін, олардың іс - әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялық эмоционалдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді.

Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ынғайлы, әрі уақытты үнемдейді.

Интерактивті тақтаны оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивті тақтаны пайдаланатын мұғалімдер айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабақ беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

Мұғалімдердің пайымдауынша инетрактивті бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы, белгілі бір материалды интерактивті тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға, оны сабақта болмай қалған оқушыларды қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. Осы интерактивті тақтаны мен өзімнің тізбектелген сабағымның бірінші сабағында қолдандым, яғни сабақты бастар алдындағы оқушылардың жақсы көңіл күймен сабақты бастау мақатында видеонұсқаулық қойып сергіту. Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгереді, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.
Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: