Білгірлер сайысы - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 140
  • Скачиваний: 4

Шараның мақсаттары:

1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылдыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру.

Шараның түрі: сайыс

Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар.

Шараның эпиграфы:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Шараның барысы:
Жүргізуші-
1.Кіріспе.
-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.
Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. «Бәйге» .Сұраққа жауап бер-5 ұпай; /ответь на вопрос -5 баллов за каждый/
2. «Шешуін тап». Афавиттік жұмбақ шешу-10 ұпай; /найди ответ, алфавитные загадки-10 баллов/
3. Сөз құру-1 ұпай; /составь слова -1 балл на каждое слово/
4. Тақырыптық әңгіме құру-10 ұпай; /составить рассказ по теме-10 баллов/
5. Тестілеу- «Қай септік?»-1 ұпай; /тест- «Какой падеж?» - 1балл за правильный ответ/
6. Сөздердің антонимдерін тап және аудар-1 ұпай; /если правильно-1 балл/
7. «Жорға»-әр жауапқа 5 ұпайдан. /за каждый ответ по 5 баллов/

3.Сайыстың жүруі:

1-кезең «Бәйге».
Сайыскерлердің қолында оған берілген өз саны.Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер өз сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол жауап береді.Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.
1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)
2.Абайдың шын аты? (Ыбырай)
3.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
4. Күз айларын ата (қыркүйек, қазан,қараша)
5. Күзде не жауады? ( жаңбыр жауады
6.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда)
7.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?)
8. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?)
9. Бір жылда неше күн бар? (365)
10.Бір айда қанша апта бар? ( 4)
11.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)
12.Бір сағатта неше минут бар? ( 60)
13.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100)
14.Бір аптада қанша күн бар? (7)
15.Етістіктің неше шақтары бар, атаңдар? (нақ осы шақ келер шақ, өткен шақ)
16.Қазақ тілінде қанша дауысты және қанша дауыссыз дыбыс бар? (дауысты-15,
дауыссыз-25)

20.2-кезең «Шешуін тап». (қазақ тілінің тән дыбыстары)
Қазақ тілінің тән дыбыстарын еске түсіру мақсатында алфавиттік жұмбақ ұсынылады.
1.Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар? ( 9 )
2.Қатаң дауыссыз дыбыстар (Қ,Һ )
3.Жіңішке дауысты дыбыстар (Ә,Ө,І,Ү)
4.Ұяң дауыссыз дыбыс (Ғ)
5.Үнді дауыссыз дыбыс (Ң)
6.Жуан дауысты дыбыс (Ұ)

3-кезең. «Қазақстандықтар» сөзінен сөз құрулары қажет. Ойын 10 ұпаймен есептеледі.

4-кезең Қалған топ өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды.
Ұсынылған тақырыптар:
1.Менің отбасым;
2.Менің досым;
3.Менің мектебім;
4.Менің күн тәртбім;
5.Менің ауылым;
6.Қыста.

5-кезең «Қай септік?»
-ойыншылар берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады.Қалған 5 сайыскер өздері таңдап алған парақтары бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа берілетін ұпай саны-5.Ұпай аз ойыншы шығарылады.
1.Барыс септікті сөз тіркесін тап:
А)қаладан келді;
ә)қаланың адамы;
б)қалаға барды;
в) қалада тұрада
2. Жатыс септікті сөз тіркесін тап:
А)мектепке келді;
ә)мектептен қайтты;
б)мектепті бітірді;
в)мектепте оқиды;
3.Табыс септікті сөз тіркесін тап:
А)ауылдың малы;
ә)ауылға бардым;
б)ауылдан келдім;
в)ауылды жақсы көремін;
4.Шығыс септікті сөз тіркесін тап:
А)оқушымен келді;
ә)оқушыдан сұрады;
б)оқушыны көрді;
в)оқушыға қарады;
5.Көмектес септікті сөз тіркесін тап:
А)қаламды алдым;
ә)қаламның сиясы;
б)қаламмен жаздым;
в)көп қалам

6-кезең
Сайыскерлер сөздердің антонимдерін жазып айтады. Тапсырма бойынша сөздердің антонимдерін және олардың аудармасын айту қажет. /участники находят и озвучивают антонимы данных им слов, с переводом/

1.Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.жаңа –ескі /новый –старый/
2.бүгін - кеше /сегодня-вчера/
3.жақсы –жаман /зороший-плохой/
4.тар – кең /узкий-широкий/

2.Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.аз – көп /мало-много/
2.биік - аласа /высокий-низкий/
3.кішкентай – үлкен /маленький-большой/
4.ерте –кеш /рано-поздно/

3. Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.күн-түн /день-ночь/
2.алыс-жақын /далеко –близко/
3.аш-жап /открой-закрой/
4.қысқа-ұзын /короткий-длинный/

4. Сөздердің антонимдерін табыңыз
1.кедей – бай /бедный-богатый/
2. үстінде –астында /наверху-внизу
3.ақ – қара /белый-черный/
4.жақсылық –жамандық /добро-зло/

1. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз
1.новый -жаңа
2.расписание –кесте
3.дедушка -ата
4.хлеб -нан

2.Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз
1.время -мезгіл
2.год -жыл
3.август -тамыз
4.лето –жаз

3. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз
1.класс –сынып
2.сахар-қант
3.класс -сынып
4.сахар-қант

4. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз
1.старый –ескі
2.врач-дәрігер
3.независимый-тәуелсіз
4.учебник-оқулық

7 –кезең. «Жорға»
Екі топ бір минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.Көп ұпай жинаған топ сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады.

1-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Тілдер күні (22 қыркүйек)
2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт)
3.Республика астанасы (Астана қаласы)
4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ)
5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ)
6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)
7.Кабинет истории (тарих кабинеті)
8.Біздің аудан атауы (Атбасар)
9.Бала оқытатын адам (мұғалім)
10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың).

2-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы)
3. Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы)
4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз)
5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір)
6. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
7. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті)
8.Адамды кім емдейді? (дәрігер)
9.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен)
10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков).
Қазылар алқасыларға сөз беріледі. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: