НОВОСВЕТЛОВКА ОРТА МЕКТЕБІ
Өткізген : Капарова К. А.
2014
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН ТЫС ШАРА
"Білгірлер сайысы"
Шараның мақсаттары:
1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту;
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылдыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау.
Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру.
Шараның түрі: сайыс
Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар.
Шараның эпиграфы:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
Шараның барысы:
Жүргізуші-
1. Кіріспе.
-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы - Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.
Бүгінгі біздің шар
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>