Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолөнері.
Сабақтың мақсаты: балалардың қазақ халқының қолөнері, түрлі қолөнер туралы түсініктерін кеңейту, қазақ шеберлерінің шығармашылығы туралы білімін қалыптастыру.
Сұлулықты қабылдауға үйрету,оны түсіне білуге,өз бойларында осындай қасиеттерді дамытуға жол ашу.
Сұлулықты сүюге,түсіне білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ халқының қолөнері» слайд, былғарыдан, жүн мен ағаштан жасалған бұйымдар суреттері.
Сабақтың барысы:
Сыныпты топтарға бөлу. 1.Ағаш қолөнері.
2.Тері қолөнері.
3.Жүн қолөнері.
4. Зергерлік қолөнер.
Топтың ережесін еске түсіру.