Сабақтың тақырыбы: Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктің тіршілік етуі туралы мағлұматтарын арттыру. 1. Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы ұғымдарын пысықтау, тіршілік етуі туралы ұғымдарын кеңейту. 2. Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету.
3. Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту. Өсімдіктерді қорғай білуге баулу.
Түрі: Жарыс сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтау әдісі, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер, тірек-схемалар, бүктеме, сызбалар.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
"5" болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз.
Үй тапсырмасы: "Кім зерек?"
- Алдымен оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ: "Бидай"
Ұраны: "Жарыспа, жарысқан соң қалыспа"
2-топ: "Сәбіз"
Ұраны: "Сәбізді жеп бәріміз, жарысуға әзірміз"
Үй тапсырмасы қалай аталады?
"Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек"
1-топ: Өсімдіктің өсуіне ауа не үшін қажет деп ойлайсыздар?
2-топ: Өсімдікке жылу мен жарықтың қажеттілігін қалай түсінесіздер?
Сергіту сәті
Жел уледі-у-у,
Құйын келіп биледі-зу-зу,
Қатты - қатты жел соқты - гу - гу,
Жапырақтар қол соқты - ду - ду.
Ой қозғау: "Ойлан, тап"
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс
- Алда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл мерекесі
- Жаңа жыл көркін кім айтады? Шырша
- Ендеше, балалар бізге бүгін шырша қонаққа келіп отыр. Ол өзінің қанша жыл тіршілік ететінін білмейді екен. Біз қонағымызға көмек көрсетуіміз керек.
Жаңа сабақ
"Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?"
- Мұғалім
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>