у қызметінің технологиялық картасы.
Күні
Білім саласы:әлеуметтік
Бөлімі:Өзін-өзі тану
Тақырыбы: "Табиғат - денсаулық мекені"
Мақсаты: "Табиғат", "денсаулық" құндылықтары туралы түсіндіру.
Міндеттері:1. -табиғат пен денсаулықтың өзара үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту. 2. -денсаулықты сақтау дағдыларын дамыту. 3-тазалыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу
Көрнекі құралдар:дәптер,түрлі түсті қарындаштар,сюжеттік суреттер.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрсету.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивация-лық кезең
Ізденіс ұйымдас-
тыру кезеңі
Рефлексия
1. Шаттық шеңбері:-Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып,бір-бірімен амандасады. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Армысың шапағатты Күн - Ана!
Армысың қайырымды Аспан - Ана!
Армысың мейірімді Жер - Ана!
Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!
Өзіммен - өзім
Үнтаспадан құстардың, сылдырап аққан судың, тербелген ағаштардың сыбдыры, табиғаттың сан алуан құбылысының дыбысы естіледі. Балалар көздерін жұмып,тыңдайды.
-Қандай дыбыстар етідіңдер?
-Қандай әсер алдындар?
Әңгімелесу
-Балалар, қалай ойлайсындар бізге күн не үшін қажет?
-Күн әлемге жарық беріп, жылытатын планета. Күн бәріне бірдей мейірін, жылуын төгеді. Бізге күнсіз тіршілік жоқ.
-Ал ауа не үшін қажет?
-Ауасыз бізге тіршілік жоқ. Ауамен біз дем аламыз.
-Су бізге не үшін қажет?
-Сусыз тіршілік жоқ. Күн, су ауау адам үшін өте қажет. Біз оларсыз өмір сүре алмаймыз. Сондықтан ауаны ластамай,суды үнемдеп пайдалануды үйренейік!
Страницы: << < 50 | 51 | 52 | 53 | 54 > >>