Осыларды ескере отырып, еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері "Өзін-өзі тану" бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына жаппай енгізілді.
"Өзін-өзі тану" пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану - адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: "Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны" деген болатын, қазіргі біздің "Өзін-өзі тану" пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес.
Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, "Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс", яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше.
Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстар мектепте ғана емес, отбасында да ата-аналардың көмегімен жалғасын тауып, өзара ықпалдастық бағытта жүргізілуі керек. "Өзін-өзі тану пәні" жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарынды, азаматтығыңды дәлелдеуге итермелейді.
"Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды&qu
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>