Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп28Мерзiм: 05. 09. 2015 1сабақ
Тақырып: Өзін-өзі тану, өмірді тану
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм:
Сынып: 4
Сабақ мақсаты: : "Өзін-өзі тану" адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Білімділік: 3-сыныпқа арналған "Өзін-өзі тану"пәнінің мазмұнымен таныстыру;
дамытушылық: адамгершілік құндылықтарын білуге,өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;
тәрбиелік: сыйластыққа,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
Тыныштық сәтi.
"Менің жан дүниемдегі сәуле" жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.
-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Үй тапсырмасын тексеру.
"Мақтай неге мақталар?" өлеңіндеде аталған жақсы қасиеттерді атап,оқушылар аталған қасиеттерді бірге оқу.
Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз.
"Өзіңді тану-өмірді танудан басталады"деп жазып балалардың өзін-өзі тану пәнін үйренуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында халық даналығының мәнін түсіндіру.
Әңгiмелесу (сұхбат). Сабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:
1. Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздің
Страницы: 1 | 2 > >>