Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Өзін - өзі тану
Тақырыбы: Өзін - өзі тану әлеміне саяхат.
Мақсаты: "Өзін - өзі тану" пәні туралы түсінік беру. Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: "Өзін - өзі тану" әлемінің картасы,дәптер, хрестоматия, қиынды жүрек пішіндер,ойыншық жүрекше.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Балалар, біз бүгін кең, жарық,әсем бөлмеде жиналып тұрмыз. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап , үлкен шеңбер құрып көрейікші ,
- Балалар, шеңбер неге ұқсайды?
Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды.
"Балалар! Шеңбер допқа, күнге, айға, табаққа, жүзікке, алмаға, қарбызға т. с. с. ұқсайды екен. Доппен ойнасақ біздің көңіл күйіміз көтеріледі.
Күн жарық, жылу берсе, ай қараңғы түнді жарыққа бөлейді.
Жүзікті қолымызға сәндік үшін тағамыз. Ал алма, қарбыз - өте дәмді жемістер мен көкөністер. Шеңберге ұқсайтын осыншама заттың өзінде қаншама қасиет бар!
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Балалар дөңгелекке ұқсайтын бірнеше суреттер мен заттарды көрсетеді.
Іздену
ұйымдастырушы
Ендеше шеңберге тұрудың өзінің үлкен ерекшелігі бар. Өйткені ол бізге күн сияқты жылу береді, шеңберде дөңгелене тұрып бір-біріміздің бет-жүзімізді анық, еркін көріп, тәтті, жылы тілектерімізді, сөздерімізді айтып, қуанамыз, шаттанамыз. Сондықтан да бұл шеңбер
- Шаттық шеңбері деп аталады. Шеңбер бойында бір - біріңе тек қана жақсылық тілейтін адамдар ғана жиналады.
Педагог балаларға түрлі суреттері бар үлестірмелі карточкаларды ұсынады, балалар таңдаулары бойынша алады. Педагог балалардың
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>