алған карточкаларындағы бейнеленген суреттерге қарап, бір - бірлеріне тілек айтуларын сұрайды.
Балалар сол сурет арқылы бір-біріне жылы сөздерін айтып, суреттерін де ұсынады. Балалардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін.
Мысалы:
- Күндей жылы бол!
- Алмадай тәтті бол!
- Доптай көңілді бол!
- Айдай жарық бол!
- Жүзік сияқты әдемі бол! т. с. с.
- Балалар! Енді бәрің менің қолымдағы әдемі күнге қараңдаршы, ол бізге әдемі күлкісін сыйлап тұр. Қане, біз де бір-бірімізге күн сияқты әдемі күлкімізді сыйлайықшы. Жарайсыңдар, балалар! Күн біздің бойымызды жылытты. Біздің жылы күлкіміз әрқайсымызды қуанышқа бөледі.
"Өзін-өзі тану" әлемінің картасы. Картадағы аялдамалардан қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?
Балалар шеңбер бойында бір біріне жақсы тілектер айтады.
Балалар суреттерге қарап , соған сәйкес тілектер айтады.
Балалар өзін - өзі тану әлеміне саяхатқа шығады.
Рефлексті коррекциялаушы
Балалар, біз бүгін "Өзін-өзі тану" әлеміне саяхатымызды бастадық. Бұл саяхатта біз көмекші құралдармен: дәптер, хрестоматия, картамен таныстық.
Жақсы бала қандай болу керек? Ол жақсылық жасай білетін, сүйіспеншілігі мол, айналасына қуаныш сыйлайтын бала екен. Жақсылық, сүйіспеншілік, қуаныш сөздерімен таныстық.
"Өзін-өзі тану" әлемі арқылы біз жақсы іс жасауға, жақсы бала болуға үйренеміз.
Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: "Өзін - өзі тану " әлемі туралы.
Игереді: шаттық шеңберінде тұрып жақсы тілектер айтуды;
Меңгереді: бір - біріне жылы лебіздерін айта білуді;
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>